Malim.kz
Спорт

Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты

• Сабина Асқарқызы

Теннистен Қазақстан командасының көшбасшысы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ширек финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны сенімді түрде жеңді.

Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Финал жолдамасына таласта Елена чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі. Чех қызы әзірге WTA рейтингінде 32-орында тұр. Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенкодан басым түсті - 6:4, 7:6(4).

Айта кетелік, 2022 жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде топ жарған болатын.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары