Malim.kz
Әлем

Елге танымал актер, Халық әртісі 68 жасына қараған шақта көз жұмды (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Белгілі театр және кино актері, Ресейдің халық әртісі Владимир Симонов 68 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы жағдайдың нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Актердің отбасы жерлеу рәсімінің уақыты мен өтетін орнын кейін хабарлайтынын мәлімдеді.

БАҚ деректеріне қарағанда, соңғы жылдары Владимир Симонов жүрекке әсер ететін гипертония ауруымен ауырғанымен, шығармашылық жолын жалғастырып келген. Бар болғаны екі ай бұрын ол Ресей Президентінен «Құрмет орденін» алып, ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған еді.

Владимир Симонов 1957 жылы дүниеге келген. 1980 жылы Щукин атындағы театр училищесінің актерлік факультетін тәмамдап, сол жылы Вахтангов театрының труппасына қабылданған. Ол «Мистерия-буфф», «Етік киген мысық», «Антоний мен Клеопатра» сынды спектакльдерде, сондай-ақ «Теректердегі самал», «Соғыс және бейбітшілік», «Аға Ваня», «Минетти», «Ромул Ұлы» сияқты қойылымдарда басты рөлдерді сомдады.

Бір кезеңде МХАТ театрында да еңбек еткен актер 1989 жылы қайтадан Вахтангов театрына оралып, 1990-жылдары Et Cetera және Ұлттар театрымен шығармашылық байланыс орнатқан.

Көрермендер Владимир Симоновты «Жалғыздарға жатақхана беріледі», «Шекара: Тайга романы», «Мәскеу терезелері», «Арбат балалары», «Миллионға бір махаббат», «Ржевский Наполеонға қарсы» сынды фильмдердегі есте қаларлық рөлдері арқылы жақсы таниды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары