Malim.kz
Әлем

Елге танымал актердің денсаулығы нашарлап, тіпті өз балаларын танымай қалды

Қайсар Қанат
freepik

Голливудтың аты аңызға айналған актері Брюс Уиллистің жағдайы ауырлай түсті. Ауыр дерттің салдарынан ол жақын адамдарын, тіпті өз қыздарын танымай қалатын деңгейге жеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Актердің жары Эмма Хеминг оның денсаулығы баяу болса да үнемі төмендеп бара жатқанын айтып, күйеуінің қайғылы тағдырына іштей дайындалып жүргенін жеткізді. 47 жастағы Эмма үшін бір кездері әлемдік кинематографияның символына айналған адамның көз алдында әлсіреп бара жатқанын көру – аса ауыр сынақ.

Эмма бүгінде Брюстің ғана емес, ортақ қыздары – 13 жастағы Мейбл мен 11 жастағы Эвелиннің психологиялық қуатын сақтауға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазірдің өзінде қыздар әкесінің жағдайы нашарлаған сайын "қайғы сезімін" бастан өткеріп жүр. Бірақ ата-анасы бұл тақырыпты ашық талқылауға әлі дайын емес.

IBTimes-қа берген сұхбатында Эмма:

"Ең үлкен қорқыныш – ертең не болатыны. Бірақ бір нәрсені білемін: сол сәт келгенде біз оған дайын боламыз", – деп ағынан жарылды.

Оның айтуынша, қыздарын болашаққа дайындаудың жалғыз жолы – "бір күнмен өмір сүру".

Брюс Уиллис лобно-уақытша деменцияның (FTD) ауыр түріне шалдыққан. Қыздары бұл сырқат туралы көбірек түсіну үшін арнайы FTD бағдарламасы арқылы білім алып жүр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары