Malim.kz
Қоғам

Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданады

Malim Админ

Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина айтты. 

Ол Мәжілісте «Балалардың құқықтарын қорғау мен білім беруді қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатқанын, оның ішіне: қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтетін, оларға қосымша функциялар қосу; патронаттық отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бақылауды күшейту нормалары кіретінін жеткізді.

Әр балалы отбасыға, әсіресе қамқорлығына бала алған отбасыларға барып, баланың жағдайын тексеріп тұратын қызметкер керек. Мәселені осылай шешу керек, - деді Юлия Овечкина.

Фото: elements.envato.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары