Malim.kz
Қоғам

Елімізде ескі үлгідегі тағы бір банкнот айналымнан шығарылды

Сабина Асқарқызы
Ұлттық банк

Қазақстанда «Қазақ Елі» монументі бейнеленген ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттардың айналымнан шығарылуы басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған купюралар алғаш рет 2012 жылы айналымға енгізілген. Банкноттың алдыңғы бетінде Астанадағы «Қазақ Елі» монументі, мемлекеттік рәміздер, киік пен ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Артқы жағында Қазақстан картасы, Ертіс өзені, стильдендірілген киіз үй және мемлекеттік тудың элементтері орналастырылған.

Ескі үлгідегі банкноттарды 2029 жылғы 25 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелері арқылы айырбастауға болады. Ал Ұлттық банктің филиалдары бұл купюраларды мерзім шектеусіз қабылдайды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары