Malim.kz
Қоғам

Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 7,8%-ға төмендеген

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Қазақстанда жол-көлік оқиғалары саны артқанына қарамастан, жарақаттар мен жол апаттарынан болатын өлім көрсеткіштері төмендеп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов Денсаулық сақтау министрлігіне 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша есеп беру кезінде мәлімдеді. 

Орталық мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда жазатайым оқиғалардан, уланулар мен жарақаттардан болатын өлім көрсеткіші 8,5%-ға төмендеген. Ал жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім 7,8%-ға азайған.

Сонымен қатар елде жол апаттарының саны өсіп келеді. Өткен жылы Қазақстанда 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ведомство мәліметінше, негізгі бағыттардың бірі – жарақаттанудың алдын алу. Қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026-2030 жылдарға арналған жол-көлік оқиғалары салдарын төмендету жөніндегі ведомствоаралық жоспар жүзеге асырылып жатыр.

Осы жұмыстар аясында жол апаттары жиі болатын қауіпті учаскелердің цифрлық картасы әзірленіп жатыр. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары