Malim.kz
Қоғам

Еліміздегі жол апаты бір күннің ішінде 9 адамның өмірін қиды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде болған екі ауыр жол-көлік оқиғасы 9 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Malim.kz.

24 қараша күні Омбы – Майқапшағай тас жолының 877-шақырымында (Шығыс Қазақстан облысы) адам өліміне әкелген аса ауыр жол апаты тіркелді.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Chevrolet Onix жеңіл көлігі мен Howo маркалы жүк көлігі қатысқан.

Қатты соқтығыс салдарынан Chevrolet Onix жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ дәл осы күні Алматы – Бішкек халықаралық автожолының 65-шақырымында екінші өлімге әкелген апат орын алды. Бұл жолы Audi және Toyota маркалы көліктер соқтығысқан.

Құқық қорғау органдары екі оқиға бойынша да тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары