Қазгидромет мәліметінше, 17 қаңтарда Қазақстанның 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшінде болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірлерде күшті жел (15–23 м/с), қатты аяз (−25-тен −40 градусқа дейін), тұман, қар, боран және көктайғақ күтіледі. Атап айтқанда, Абай, Қарағанды және Жетісу облыстарында қатты аяз болжанса, Кызылорда, Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Ақтөбе облыстарында қар, боран мен көктайғақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ Семей, Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) сақталады. Тұрғындарға ауа райының нашарлауын ескеріп, алыс жолға шықпау және қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.