Malim.kz
Қоғам

Елімізге танымал Әмина апаның балалар үйінен өрт шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын орда көшесі бойындағы ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Анықталған ақпарат бойынша, елімізге танымал Әмина апаның "Перзент" балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты ашық жанған.

Әкімшіліктің хабарлауынша, ғимаратта адамдар жоқ – тәрбиеленушілер мен қызметкерлер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сөндіруге оқпандар енгізіліп, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары