Malim.kz
Қоғам

Елордада қоғамдық орындарда қайыр сұрағандарға бақылау күшейтілді

Айбын Атабай
Фото: ашық дереккөз

Астана полициясы тұрғындарды қайыршылықты қолдамауға және қоғамдық орындарда ақша сұрап, мазалайтын адамдар туралы хабарлауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық Полиция департаменті халық көп жиналатын орындарда тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының назарында тек ақша сұрайтындар емес, сонымен қатар өтіп бара жатқан тұрғындарға түрлі қызметтерін ұсынып, бал ашумен айналысатын немесе кәсіпкерлік қызметін тіркемей тауар сататын тұлғалар да бар.

Мұндай әрекеттер әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылып, заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

«Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қайыршылықты қолдамауға шақырады. Осындай фактілер анықталған жағдайда полицияға дереу хабарлауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомство.

Полиция өкілдерінің пікірінше, тұрғындардың ақша беруден бас тартуы және құқық қорғау органдарына хабарлауы елордадағы қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары