Malim.kz
Әлем

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болады

Арман Қайыпхан
Фото: Reuters

Ұлыбританияда Энди Бернем ресми түрде Лейбористік партияның жаңа көшбасшысы болып сайланды. Партия басшылығына басқа үміткер тіркелмеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бернем премьер-министр қызметіне 20 шілдеде кіріседі.

Жаңа көшбасшы әзірге министрлер кабинетінің құрамын толық айқындамағанын айтты. Оның сөзінше, жаңа үкімет партиядағы барлық фракцияның мүддесін ескеретін болады.

Сондай-ақ ол көзқарасы өзгеше лейбористерді шеттетпейтінін, бизнесті қолдайтынын және инфляцияны тежеу үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мемлекеттік бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары