Malim.kz
Қоғам

Енді имамдарды балағаттағандар жауапкершілікке тартылады: ҚМДБ ескертуі

Айбын Атабай
islam.global

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желілерде исламға, Құранға, Қағбаға, Мұхаммед пайғамбарға және имамдарға қатысты сынның күрт күшеюі аясында ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Діни басқарма мұндай жазбалардың қоғам арасына бүлік салып, алауыздық тудыратынын атап өтті. 

ҚМДБ желіде имамдарға қарсы жиі айтылатын “заңсыз неке қияды” және “балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарады” деген айыптауларға ерекше тоқталды. 

“Кейбір азаматтар тарапынан: "заңсыз неке қиған имамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартып, бас бостандығынан айыру керек. Балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарып, шаралар өткізеді" деген мазмұнда орынсыз пікір айтылуда. Дәйексіз айтылған мұндай пікірлер еліміздегі мұсылман қауымының наразылығын оятып, ел арасында түсінбеушілік тудыруда”, – делінген хабарламада. 

Басқарма мешіт қызметкерлері балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарып, шаралар өткізбейтінін атап өтті. ҚМДБ мәліметінше, дін қызметкерлері балалардың толыққанды зайырлы білім алуын барынша насихаттап келеді.

Оқи отырыңыз: Діни басқарма әйелін шәкіртіне сыйлаған имам жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

“Діни басқарма жанынан ашылған "Дін мен дәстүр" бөлімі бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Сондай-ақ "Діни оңалту" бөлімі жат ағымдардың алдын алу және олардың жетегінде кеткен азаматтарды оңалтумен айналысып келеді”, – делінген хабарламада. 

ҚМДБ елімізде осындай арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер мен діни алауыздыққа әкелуі мүмкін ақпараттарды таратқандар үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын, қажет болған жағдайда діни басқарма құзырлы органдарға шағым түсіретінін атап өтті. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары