Malim.kz
Қоғам

"Енді кімге еркелеймін?" – 2 ай бұрын әкесінен айрылған әнші Қанайдың анасы дүниеден озды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

"Qanay" лақап атымен танымал қазақстандық әнші Нұрболат Қанай отбасында тағы да қаралы жағдай орын алғанын хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Белгілі болғандай, өнер иесінің анасы дүниеден өткен. Қайғылы хабарды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа жазбамен жеткізді.

"Енді кімге еркелеймін?" – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші 2026 жылдың қаңтар айында әкесінен айырылғанын да жариялаған еді. Сол кезде ол ауыр қайғысын желі арқылы бөлісіп, жүрекжарды сөз жазған.

"33 жасым қайғымен өрілді. Кенже балаңның жанына асықтың ба екен? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау…", – деп жазған болатын ол.

Әнші әкесінің қазасын анасына бірден айтпай, алдымен ауылға жібергенін де атап өткен. Оның айтуынша, анасы соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп, әрең жүріп жүрген.

Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін де отбасындағы ауыр қайғы туралы айтып, 2003 жылы туған інісінен айырылғанын еске алған еді.

Qanay туралы

Нұрболат Қанай – қазақстандық жас әнші. Ол тыңдарманға "Ol qyz" атты хит әні арқылы танылған. Сонымен қатар "Baiagydan", "Ritm-Takt", "Start" сияқты әндері де кеңінен таралған.

Өнер иесі шығармашылық жолын бастапқыда КВН сахнасында бастаған. Кейін музыкалық карьерасын дамытып, "Орда" тобының солисі Дастан Оразбековпен бірге жұмыс істеген.

2019 жылы ол КТА жобасына қатысып, кейін Qazaqstan дауысы музыкалық жобасында да өнер көрсетіп, көрермен назарын аударған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары