Malim.kz
Қоғам

"Енеммен арама ешкім түспейді": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындығын жайып салды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал актриса әрі тележүргізуші Мөлдір Мұқанова күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың анасымен арақатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол әрдайым енесімен жылы қатынаста болып, өзара сыйластықты бірінші орынға қояды.

"Енеммен арама ешкім кірмейді. Бізде әрдайым түсіністік пен сыйластық бар. Солай болып қала береді деп сенемін", – деді Мөлдір.

Желі қолданушылары Мөлдірдің бұл сөзін қолдап, "Нағыз қазақ келіні", "Осындай түсіністік көпке үлгі", "Бақытты бол" деген жылы пікірлер қалдырды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары