Malim.kz
Әлем

ЕО Ресей әскерімен байланысы барларға бақылауды күшейтпек

Арман Қайыпхан
Фото: Pond5 Images/IMAGO

Еуропалық одақта Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысқан азаматтардың ЕО аумағына кіруіне тыйым салу бастамасы жалпы қолдау тауып отыр, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Аталған шара 9 маусымда Еуропалық комиссия ұсынған Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетінің құрамына енгізілген.

Қазіргі таңда негізгі мәселе – тыйымды іс жүзінде қалай жүзеге асыру. ЕО-ның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, сөз шамамен бір миллион адам туралы болып отыр. Сондықтан олардың соғысқа қатысқанын қалай анықтау және тыйымды қалай қолдану мәселесі талқылануда.

Оның сөзінше, ұсыныс қолданыстағы виза беру ережелері аясында негізделген әрі жүзеге асыруға болатын шара болып саналады.

DW мәліметінше, ЕО елдері барлық соғысқа қатысушылардың жеке санкциялық тізімін жасаудан гөрі, виза рәсімдеу кезінде тексеру тетігін қолдануды қарастырып жатыр. Себебі миллиондаған адамға қатысты дәлелдер жинау өте күрделі міндет.

Сонымен қатар ЕО мемлекеттері үшін басты сұрақтардың бірі – нақты адамның Ресей қарулы күштерінде қызмет еткенін сенімді түрде қалай анықтау мәселесі болып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары