Malim.kz
Әлем

Ер адам 3 жыл бойы анасының мәйітін мұздатқышта сақтап, зейнетақысын алып келген

Мадияр Қапанбек
depositphotos.com

Ұлыбритания тұрғыны Кристофер Филлипс анасының мәйітін үш жыл бойы жерлемей, мұздатқышта сақтағанын мойындады. Ол бұл әрекетке қаржылық пайда табу мақсатында барған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Wales Online басылымының жазуынша, Кристофер анасы Сильвия Филлипспен бірге бір үйде тұрған. 17 ақпан күні олардың үйіне полиция келген. Дәрігері ұзақ уақыт бойы науқасын көрмегенін айтып, оның жағдайына алаңдаған соң құқық қорғау органдарына хабар берген.

Үйді тексеру барысында полицейлер мұздатқыштан адам қалдықтарын тапқан. Сараптама нәтижесінде олардың Сильвия Филлипске тиесілі екені анықталған. Әйелдің нақты өлім себебі әзірге белгісіз.

Тергеу барысында ер адамның 89 жастағы анасының мәйітін үш жыл бойы жасырып ұстап, осы уақыт ішінде оның зейнетақысын алып келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта сот үкімі әлі шыққан жоқ. Күдіктінің адвокаты Рут Смит сот отырысын кейінге шегеруді сұрап, клиентіне психиатриялық сараптама жүргізуді талап етуде. Оның айтуынша, айыпталушының психикалық жағдайы дұрыс болмауы мүмкін.

Бұған дейін чемоданына құмырсқа салып өтпек болған ер адам түрмеге тоғытылғанын жазған едік.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары