Malim.kz
Қоғам

Ерекше тренд: жастар алкоголь сатып алып, көшеде төгіп жатыр

Айгүл Таңатар
24.kg

Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде соңғы күндері ерекше челлендж кең тарады. Жастар дүкеннен алкогольдік сусындарды сатып алып, оларды ішудің орнына көпшілік алдында жерге төгіп, видеосын Tik-tok пен Instagram-ға жариялап жатыр. Бұл акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, алкогольден бас тартуға үндеу, деп хабарлайды Malim.kz.

24.kg агенттігінің мәліметінше, челленджге жүздеген жас қатысып үлгерген. Видеоларда қатысушылар әртүрлі алкоголь өнімдерін сатып алып, бөтелкелерді ашқан соң ішпей, қоқыс жәшігіне немесе жерге төгеді. Кейбірі достарын да осы бастаманы қолдауға шақырып, эстафетаны жалғастырып жатыр.

Алайда бастама қоғамда екіұдай пікір туғызды. Бірі мұны жастар арасында ішімдіктің зиянын көрсететін пайдалы акция деп бағаласа, енді бірі алкогольді сатып алып, кейін төгіп тастауды орынсыз ысырап деп сынға алды. Соған қарамастан, челлендж Қырғызстан сегментіндегі әлеуметтік желілердің ең көп талқыланған тақырыптарының біріне айналды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары