Павлодар қаласындағы Усолка шағынауданы маңында су айдындарын патрульдеу кезінде құтқарушылар аударылған байдаркадан суға құлаған әке мен баланы анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Ертіс өзенінде болған.
Екеуі де құтқару кеудешелерін кигендіктен, көмек жеткенге дейін су бетінде қалқып тұрған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, зардап шеккендерді судан шығарып, бөлімшеге жеткізді. Суық тиюдің алдын алу үшін оларды жылы көрпеге орап, жылыту шараларын жүргізді.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ суда демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдалануға шақырады.