Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Қарағанды жоғары милиция мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1993 жылдың шілдесінде бастаған.
Әр жылдары Риддер және Өскемен қалаларының полиция басқармаларын басқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департаментінің және Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.
2016-2019 жылдары Ақмола облысы Полиция департаментін басқарды. 2019 жылдың сәуірінен бастап Астана қаласының полиция бастығы қызметін атқарған.
2022 жылдың қаңтарында ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі қызметін атқарып келеді.