Malim.kz
Саясат

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Айбын Атабай
Конституциялық сот

3 маусымда Ержан Жиенбаев жаңа қызметке тағайындалып, Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорда жазды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жиенбаев Ержан Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы "Тұран" университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, ал 2018 жылы РАНХиГС-те "Executive MBA" бағдарламасы бойынша білім алған.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.

2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеген. Ол аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі болды.

2019 жылдың шілдесінен қазанына дейін Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен (2016), "Парасат" орденімен (2021), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2020), Президенттің Құрмет грамотасымен (2021) марапатталған; 7 мерейтойлық медаль иегері.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары