Malim.kz
Әлем

“Есі ауысқан”. Словакия премьері Трамптың қылықтарынан шошып кетіпті

Ереке Базарқұл
ФОТО: © politico.com / Alex Wong/Getty Images

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен соң, Европа Одағы елдерінің басшыларына осындай ой айтыпты. Бұл туралы DW - Неміс толқыны  Politico басылымына сілтеп жазыпты.

Politico басылымының дереккөздері словак премьері Трамптың кездесу кезіндегі қылықтарын сипаттаған кезде “қауіпті” деген сөз қолданды дейді. Роберт Фицо бұл ойын 22 қаңтар күні Еуропа Одағының шұғыл саммиті кезінде айтыпты. Бұл саммит Трамптың Гренландияға қоқан-лоқысына жауап түзуге аяқ астынан ұйымдастырылған болатын. 

Ресми Вашингтон болса, Politico басылымының бұл хабарын “шылқыған өтірік” деді. Ақ Үй баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли Фицо мен Трамптың кездесуі “жақсы әрі өнімді болды” дейді.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары