Еуропа кеңесі мен Еуропарламент өкілдері 2027 жылы Ресейдің табиғи газын импорттауды толық тоқтату туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды azattyq.org.
Еурокеңестің мәлімдемесіне қарағанда, Ресейдің табиғи газын импорттау 2027 жылы 30 қыркүйекке қарай толық тоқтатылады. Ұзақ мерзімдік келісім бойынша сұйылтылған газды тасымалдау 2027 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы керек. Құбыр бойынша газ тасымалдау 2027 жылы 30 қыркүйекте тоқтатылады.
"Еуропа ендігәрі энергетикалық бопсалау мен экономикалық тәуелділіктің құрбаны болмайды" деп мәлімдеді энергетика жөнінде еурокомиссар Дэн Йоргенсен.