Malim.kz
Әлем

Еуроодақ санкциялардың 20-пакетін таныстырды

Арман Қайыпхан
Фото: Reuters

Еурокомиссия ұсынған санкциялардың жаңа пакетіне Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға толық қызмет көрсетуге тыйым салу енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

«Теңіз тасымалы — жаһандық бизнес болғандықтан, біз бұл толық тыйымды G7 шешімінен кейін пікірлес серіктестермен үйлестіре отырып іске асыруды ұсынамыз», — делінген баспасөз хабарламасында.

Санкциялардың 20-пакетіне тағы не кіреді:

«Көлеңкелі флоттың» 43 кемесі санкциялық тізімге қосылады;

Ресейдің 20 аймақтық банкіне санкция салынады;

криптовалюталар мен олармен сауда жасалатын платформаларға қарсы шаралар;

Ресейден импорттауға және елге экспорттауға тыйым салынатын тауарлар тізімін кеңейту;

санкцияларды айналып өтудің алдын алу үшін Ресейге қайта экспорттау қаупі жоғары елдерге компьютерлік техника мен радиоаппаратура экспорттауға тыйым салу;

құқық иелерін Ресейдегі «әділетсіз экспроприациядан» қорғау мақсатында құқықтық кепілдіктерді күшейту.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақты жаңа санкциялар пакетін Ресейдің ауқымды басып кіруінің жылдығына — 24 ақпанға дейін қабылдауға шақырды.

Санкциялардың 19-пакеті 2025 жылғы 23 қазанда қабылданған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары