Malim.kz
Әлем

Еуропа балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуы мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Франция парламенті 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Испания да ұқсас құжатты қарастыруда, ал Еуропалық комиссия еуропалық деңгейде жас шектеуін енгізу идеясын қолдайтынын айтты. Мысалы, Австралияда әлеуметтік желілерге тек 16 жастан кіруге рұқсат берілген.

Алайда бұл шараны жүзеге асыру қиын: ЕО елдерінде біртұтас цифрлық ID арқылы жасын тексеру ұсынылып отыр. Бұл жүйе жеке деректерге зиян келтірмей жұмыс істеуі тиіс, бірақ нақты қалай болатыны әзірге белгісіз.

Эксперттер шектеулердің тиімді болуына күмәнмен қарайды. Ctrl+Alt+Reclaim жастар қозғалысының өкілі Марк Дами әлеуметтік желілердің зиянды әсерін «автоойнату» функциясы мен шексіз прокрутка жасайтынын айтып, паспортпен кіру бұл проблеманы шешпейтінін атап өтті. Дами ЕО елдері өз әлеуметтік желісін жасауы керегін айтты: «Біз ірі америкалық технологиялық компаниялардың тұтқынымыз».

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары