Malim.kz
Қоғам

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

• Арман Қайыпхан

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

25 жастағы жұмыскердің қаза болғанын денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Фото: Сanva.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары