Malim.kz
Қоғам

Филиппинде магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 61-ге жетті

Ереке Базарқұл

Дереккөз және сурет: ©azh.kz

Филиппиннің Паломпон өңірінің батыс жағалауында болған күшті, магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 61 адамға жетті. Бұл туралы АА The Philippine Daily Inquirer-ге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегінше, жер сілкінісі дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:59-да Паломпонның батыс жағалауында, Себу провинциясының маңында тіркелген. Филиппин президенті Фердинанд Маркос-кішісі халыққа үндеу жасап, қырағылық танытып, жергілікті билікпен бірлесіп әрекет етуге шақырды.


«Жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Бұл апаттан зардап шеккендердің бәріне дұғамды арнаймын», –


деді Маркос.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары