Malim.kz
Қоғам

FlyArystan жолаушыларға әуеде power bank қолдануына қатысты ережесін қайта өзгертті

Сабина Асқарқызы
istockphoto.com

Еліміздің авиациялық әкімшілігінің талаптарына сәйкес 7 мамырдан бастап FlyArystan әуекомпаниясының рейстерінде қосалқы аккумуляторларды (power bank) тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілетін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

 Azattyq Rýhy-ның жазуынша, қосалқы аккумулятордың сыйымдылығына байланысты тиісті шарттар бекітілген. Оның ішінде: 

100 Вт/сағ-қа дейін – рұқсатсыз тасымалдауға рұқсат етіледі;

100-ден 160 Вт/сағ-қа дейін – тасымалдаушының рұқсаты болған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;

160 Вт/сағ-тан жоғары – тасымалдауға тыйым салынады.

Маңызды: бір жолаушыға 2 (екі) қосалқы аккумуляторды тасымалдауға рұқсат етіледі.

«Сонымен қатар, қосалқы аккумуляторды тек қолжүкте тасымалдауға рұқсат етілетінін, ал әуе кемесінің бортында оларды зарядтауға және пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз. Аккумуляторлар қысқа тұйықталудан қорғалған болуы тиіс. Сапарды жоспарлау кезінде көрсетілген талаптарды ескеруіңізді сұраймыз», – деп жазылған компанияның ресми хабарламасында.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары