Malim.kz
Әлем

Франция Украина энергетикасын қолдау үшін шұғыл кеңес өткізеді

Арман Қайыпхан
Фото: Yan Dobronosov/REUTERS

Франция Украина энергетикалық жүйесіне көмек көрсету шараларын талқылау үшін шұғыл жиын шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Кездесуде электр желілерін қалпына келтіру, қосымша генераторлар мен техникалық жабдық жеткізу, сондай-ақ еуропалық серіктестермен үйлестіру мәселелері қаралады.

Жиын күн сайынғы соққылар салдарынан Украинадағы энергетикалық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты өтіп отыр. Француз билігі энергетикалық қауіпсіздікті нығайту — Еуропа үшін де стратегиялық маңызы бар міндет екенін атап өтті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары