Франция президенті Эмманюэль Макрон Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Кривой Рог қаласына жасаған шабуылына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Макрон Франция Украинаға әскери қолдауды күшейтіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған қосымша зымырандар беретінін мәлімдеді.
22 тамыздағы мәлімет бойынша, Кривой Рогтағы «Солнечная галерея» сауда орталығына жасалған шабуылдан 16 адам қаза тапқан. Оның ішінде екі бала бар 9 адам хабар-ошарсыз кеткен. 130 адам жарақат алған, олардың 25-і — балалар.
Франция президенті Ресейдің Украинаға қарсы «агрессиялық соғысты» жалғастырып, шиеленісті күшейтіп отырғанын айтты. Оның пікірінше, Украинаға өз әуе кеңістігін қорғауға қажетті барлық құралды беру маңызды.