Францияның оңтүстік-батысында алапат орман өртіне байланысты 220 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Malim.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге 1 400-ге жуық өрт сөндіруші, 1 500 әскери қызметкер, 1 700 қауіпсіздік қызметінің маманы және авиация жұмылдырылған.
Соңғы мәлімет бойынша, Жиронда департаментінде тілсіз жау 32,7 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Өрт аптаның басында Саумос коммунасында басталып, кейін Бордо маңындағы бірнеше ауданға таралған.
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Францияға rescEU бағдарламасы аясында бес ұшақ пен екі тікұшақ жіберілгенін мәлімдеді.
Франция билігінің мәліметінше, жыл басынан бері елде 100 мың гектарға жуық орман алқабы өртенген. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар Ланды, Вар және Жоғарғы Альпы департаменттерінде де орман өрттері жалғасып жатыр.