Malim.kz
Сұқбат

Футболист Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты

Malim Админ

Жол апаты Алматы-Талдықорған тасжолында болған.  «26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тасжолдың 109-шақырымында рөлді тізгіндей алмай, қоршауға соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды. Екі жолаушы зардап шегіп, Қонаев ауруханасына жатқызылды», - деді жергілікті ПД өкілі.

Әлібек Асылбекұлы әр жылдары «Бәйтерек», «Жетісу» футбол клубтарында ойнаған. 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары