Malim.kz
Әлем

Газа соғысын тоқтату туралы келісім ХАМАС-сыз жасалмақ

Арман Қайыпхан

Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімге 13 қазанда Шарм-эш-Шейх қаласында қол қойылмақ, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

ХАМАС өкілдері өздерінің бұл рәсімге қатыспайтынын мәлімдеді — олардың орнына делдал елдер өкілдері қатысады.

11 қазан кешке dpa агенттігіне берген мәлімдемесінде ХАМАС мүшелері:

«Біз қол қою рәсіміне қатыспаймыз. Онда тек делдалдар мен АҚШ және Израильдің ресми тұлғалары болады», — деді.

Келіссөздерге делдал ретінде АҚШ пен Египеттен бөлек, Катар да қатысқан. Израиль мен ХАМАС тікелей келіссөздер жүргізбеген.

Фото: Amr Abdallah Dalsh/REUTERS

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары