Қытай қарулы күштерінің басшылығы Ши Жипиңнің қолына өтті. Бұл туралы DW - Неміс толқыны жазыпты.
Қытайда Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасарына қатысты тергеу басталды. Ол жемқорлықпен айнаплысты деген күдікке ілініп отыр. Осылайша, елдің қарулы күштерінің басшылығында 2 адам қалды, олардың бірі - Ши Жипиңнің өзі.
Қытай халықтық азат ету армиясында жемқорлық бойынша жанжал шығып, Орталық әскери кеңестің төрағасы Жаң Юшиа мен армияның біріккен штабтар бастығы Лю Жэңлидің есімдері аталды. Егер Жаң Юшиа отставкаға кетсе, бұл 1989 жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғадан кейінгі ірі ауыс-түйістердің бірі болмақ деп жазады The Washington Post. Сонымен бірге, бұл отставка әскери билікті әскери кеңестің тағы бір мүшесі, Қытайдың басшысы Ши Жипиңнің қолына шоғырландыруы мүмкін.
Аталған және басқа да басылымдар Бейжіңде ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге сүйеніп отыр. Министрлік таратқан хабарламада Жаң Юшиа мен Лю Жэңли “тәртіп пен заңды өрескел бұзды” делінген. Қытайда мұндай сөздер әдетте жемқорлыққа қатысты айтылады дейді AFP басылымы. Бұл оқиғалардың барлығына Ши Жипиңнің енді әскери билікті де қолға алу әрекеті болуы мүмкін деген баға беріліп отыр.