Malim.kz
Әлем

Германия сириялық босқындарды отанына қайтаруды бастайды

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Германиядағы сириялық босқындар отанына оралуы тиіс, ел билігі депортациялауды бастайды, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

«Сириядағы азаматтық соғыс аяқталды. Енді Германияда баспана беруге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан біз депортациялауды бастай аламыз», – деп мәлімдеді Германия канцлері Фридрих Мерц.

Мерцтің айтуынша, босқындардың елеулі бөлігі өз еркімен еліне оралып, қалпына келтіру жұмыстарына қатысады деп үміттенеді.

«Германиядан отанына оралудан бас тартқандарды болашақта депортациялауға болады», – деп қосты ол.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары