Malim.kz
Әлем

Германия Сыртқы істер министрі Газа секторына БҰҰ күштерін енгізуді ұсынды

Арман Қайыпхан
Фото: Michael Kappeler / dpa / Global Look Press)

Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Бахрейнде өткен қауіпсіздік конференциясында Газа секторына халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыру үшін БҰҰ мандатын беруді қолдайтынын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz  DW-ге сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, мұндай мандат әскер жіберуге дайын елдер үшін де, палестиналықтар үшін де маңызды болмақ. Ол сондай-ақ миссияның халықаралық құқыққа негізделген айқын мандатпен жүзеге асуы қажет екенін атап өтті.

Вадефуль Израиль, Палестина, араб және еуропалық елдерді Газа бойынша бейбіт жоспарды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары