Malim.kz
Әлем

Германияда және бірқатар елдерде телеграм қосылмай жатыр

Айбын Атабай
ria.ru

Бұл туралы Downdetector мониторинг қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мессенджерге қосылу мен оның жұмысында қиындықтар бар екені туралы мәліметтер Қазақстан, Польша, Ресей, Сербия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия және басқа елдердің тұрғындарынан келіп түсуде.

Downdetector деректеріне сәйкес, шағымдардың ең көбі мобильді қосымшаның жұмысындағы мәселелерге қатысты (46%). Telegram-ның веб-нұсқасының жұмысына пайдаланушылардың 36%-ы шағымданған. Ал хабарламаларды жіберудің қиындығы пайдаланушылардың 15%-ына әсер еткен.

Бұрын Роскомнадзор ресми түрде Telegram мессенджерінің жұмысын баяулата бастағанын жариялаған. Сонымен қатар ол басқа да сервистерге, соның ішінде YouTube, WhatsApp және түрлі медиа ресурстарға қатысты бұғаттауды күшейткен.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейде байланысқа қатысты шектеулер өткен жылдың маусым айынан бері тұрақты түрде енгізіліп келеді. Ресми түрде бұл шаралар украиналық дрондардың шабуылдарына байланысты деп түсіндірілуде.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары