Қазақстанға келген даңқты боксшы Генадий ГОЛОВКИН Алматыдағы GGG сусынын шығаратын зауытқа барды. Бұл туралы спортшы instagram.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Алматыдағы GGG сусынын шығаратын зауытта болдық. Өндіріс күннен-күнге артып келе жатқанына қуандым. Компания сусынның сапасына назар аударып, табыстың 10% қайрымдылыққа бөледі екен. Бізідң жоспарымыз көп, команда жақсы. Мен бәрі оңды болатынына сенімдімін», - деп жазды чемпион.
Генадий Головкин өз атымен аталатын сусынды 2017 жылы шығарған еді. Сондай-ақ, бұған дейін америкалық "Jordan" спорттық киімдер бренді Головкиннің құрметіне арнайы киімдер үлгісін шығарған. Онда қазақтың ою-өрнегі мен боксшының жиі айтатын Big Drama Show сөзі және GGG таңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының құрметіне "Hublot" швейцариялық компаниясы да өз сағаттарының топтамасын шығарған болатын.
Фото: instagram.com