Malim.kz
Қоғам

Головкин Криштиану Роналдумен кездесті

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/gggboxing

World Boxing ұйымының басшысы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауд Арабиясында атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесуден түсірілген видеоны Геннадий Головкин Instagram желісіндегі сторисінде жариялады.

Кадрларда спортшылар бір-бірімен жылы амандасып, әңгімелескені көрінеді. Роналду Головкиннен жақын уақытта жарыстарға қатысуды жоспарлап-жоспарламайтынын сұраған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары