Malim.kz
Әлем

Грузин полициясы шеруге шыққандарға I дүниежүзілік кезінде қолданылған уды шашқан болуы мүмкін

Ереке Базарқұл
© BBC/Shutterstock

Бұл туралы BBC басылымы хабарлайды. 

2024 жылдың аяғында Грузия астанасы Тбилисиде Еуропа Одағына кіру үрдісін тежеуге қарсы жаппай шерулер болған еді. Сол кезде демонстранттардың көбі машинадан шашылған су тиген соң, денесінің күю сезімі болғанын хабарлаған. Олардың айтуынша, кейін, шомылған соң да - дененің күю сезімі кетпеген.

BBC осы жайтты зерттепті. Зерттеу барысында химиялық қару мамандарымен, грузин арнайы органдарындағы дереккөздермен, дәрігерлермен сұхбаттасып, сумен шашылған заттың бромбензилцианид болуы мүмкін екенін анықтапты. Бұл затты бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француздар «камит» (camite) деп атаған екен. 

I дүниежүзілік соғыс кезінде Франция әскері «камитті» Батыс майданда Германия әскеріне шашыпты. Аталған заттың одан кейін қолданыста болғаны туралы деректі мәлімет жоқ. Кейін, ұзақ сақтау кезінде залал келтіру қаупі болғандықтан, 1930 жылдары қолданыстан шығып қалыпты. Оның орнына CS-газ деп аталатын көзден жас ағызатын газ қолданыла бастапты. 

Грузин үкіметі BBC-дің бұл зерттеуіне "сандырақ" деген баға берді. Полицияның әрекеті "жынданып кеткен басбұзарлардың қылығына жауап болды" депті. 

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары