Malim.kz
Қоғам

Гүржістанда жалғыз өзі қалып қойған бала елге жеткізілді

Айбын Атабай
Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы - қыз бала елге қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілді. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсім заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, бүгінде баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Баланың құқықтарын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиялығын қорғау мақсатында оның дербес деректері мен оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі ел ішінде де, шетелде де мемлекеттің қорғауында.

Бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен қанша қазақстандық елге қайтарылғанын жазған болатынбыз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары