Malim.kz
Әлем

IHR: Ирандағы қақтығыстарда кемінде 648 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Reuters

Норвегияда жұмыс істейтін ирандық құқық қорғау ұйымы — Iran Human Rights (IHR) дүйсенбі күні өз деректеріне сүйеніп, қақтығыстар барысында кемінде 648 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

IHR болжамынша, құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін — 6 мыңға дейін жетуі ықтимал. Алайда интернеттің өшірілуіне байланысты қаза тапқандар туралы көптеген хабарды әзірге тексеру мүмкін емес.

28 желтоқсанда басталған наразылықтар бастапқыда экономикалық мәселелерден туындағанымен, кейін Ирандағы ислам билігі үшін ең елеулі қауіптердің біріне айналды.

Күштік құрылымдар шерулерді қатыгездікпен басып-жаншып жатыр. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, билік репрессия ауқымын жасыру мақсатында интернетті әдейі өшірген.

Соңғы күндері билік ел аумағында өздерін қолдайтын митингілер ұйымдастыра бастады.

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Иран басшылығы, 86 жастағы аятолла Әли Хаменеи жетекшілік ететін режим, онымен келіссөз жүргізу туралы ұсыныспен телефон арқылы хабарласқанын айтты. Соңғы бір аптада Трамп Иран билігіне АҚШ-тың араласуы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен.

«[Бірақ] бұл кездесуге дейін бізге әрекет етуге тура келуі мүмкін», — деп қосты Трамп.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары