Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 27 қараша күні жаңа бас хатшының кандидатурасы қаралатынын хабарлады. Қазіргі уақытта бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері Иманғали Тасмағамбетов атқарып келеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұйымның мәліметінше, Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында мүше мемлекеттер қауіпсіздікке қатысты негізгі мәселелерді талқылайды. Әсіресе есірткі айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейту күн тәртібінде тұр.
"ҰҚШ-ның ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер жөніндегі ортақ көзқарасы көрсетілетін декларацияны қабылдау және алдағы үш жылдық кезеңге (2026-2029 жылдар) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Тасмағамбетов екі жылға жуық уақыт бойы ұйымды басқарды. Алдағы отырыста оның орнына келетін тұлға анықталуы мүмкін.