Атырау облысында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінгендер Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Индонезия аумағында қолға түскен Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласына жеткізілген. Мәліметтерге қарағанда, олар 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен елге әкелінген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысының Жангелдин ауылында ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейінірек, 6 қаңтар күні қайғылы жағдай белгілі болды. Үйдің маңындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылған.
Сондай-ақ бұған дейін күдіктілердің бірнеше суреті жарияланған еді.