Индонезияның шығысында 15 тамызда болған магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51 адамға жетті. Негізгі дүмпуден кейін өңірде ондаған афтершок тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
Құтқару жұмыстарына жолдарды жауып қалған көшкіндер мен байланыс желілерінің бұзылуы кедергі келтіріп отыр. Нагекео ауданында шамамен 2 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Жер сілкінісі биіктігі бір метрге дейін жеткен цунами толқындарын да тудырды. Жүздеген үй мен инфрақұрылым нысаны, соның ішінде мектептер, медициналық мекемелер және мемлекеттік ғимараттар зақымданды.