Malim.kz
Қоғам

Ипотека 1 шілдеден бастап арзандайды. Бұл Қазақстандағы тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді?

Айбын Атабай
Gov.kz

Ипотека бойынша коммерциялық банктердегі мөлшерлеме биылғы 1 шілдеден бастап 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.

Сыйақы мөлшерлемесінің жаңа шекті деңгейлері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы аясында қайта бекітілді.

Негізінде, қазақстандықтар үшін тұрғын үй несиесі қолжетімдірек болмақ. Алайда банктер мұндай қарыздарды беруге қаншалықты дайын? Ипотеканың жаңа форматтары пайда бола ма? Нарықтың тоқырауы мен тұрғын үй бағасының құлдырауын күту керек пе?

Дежавю немесе мәселенің алғышарты

ҚНРДА мен Ұлттық банк ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету туралы осындай шешімді бұған дейін де қабылдаған болатын. Несие бойынша жаңа пайыздық мөлшерлемелер 2025 жылдың қарашасынан бастап күшіне енуі тиіс еді. Сол кезде не болғанын еске түсірейік.

Сол жылдың қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін көтерді. Осы өсім аясында, қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің айтуынша:

«Неліктен бұлай болды? Екінші деңгейлі банктер ол кезде Ұлттық банктен ақшаны 18 пайыз және одан жоғары мөлшерлемемен қарызға алуға мәжбүр болды, өйткені плюс бір пайыздық дәліз сақталады. Ал кейін қазақстандықтарға несиені 20 пайыздан жоғары емес мөлшерлемемен беруі керек болды. Яғни коммерциялық банктің табысы екі пайыздан аспайды», — дейді Расул Рысмамбетов.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары