Иран президенті Масуд Пезешкиан Вашингтонмен арадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ-тың жаңа әскери кемелер жіберуі мен Дональд Трамптың қатаң риторикасына қарамастан, Тегеран келіссөздерге негіз дайындап жатыр.
Иранның мемлекеттік IRNA агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 1 ақпанда Масуд Пезешкиан АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан жасалған кезекті әскери қоқан-лоққылардан кейін қақтығысты бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесу барысында мәлімдеген.
Пезешкианның айтуынша, Иран «ешқашан соғысқа ұмтылған емес және қазір де оған мүдделі емес». Ол сонымен қатар соғыс Иранға да, АҚШ-қа да, жалпы аймаққа да пайда әкелмейтінін атап өтті.