Иран АҚШ санкцияларды талқылауға дайын болған жағдайда ядролық бағдарламасы бойынша ымыраға келуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчидің сөзінше, Тегеран үшін басты талап — Вашингтонның санкцияларды алып тастау мәселесін қарастыруға дайын болуы.
«Доп америкалықтардың алаңында. Олар келісімге шынымен мүдделі екенін дәлелдеуі керек», — деді дипломат.
Келіссөздер сейсенбі күні Женева қаласында жалғасады. Алайда тараптардың ұстанымдары әлі де бір-бірінен алшақ.
Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио президент Дональд Трамп Иран мәселесін дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын, бірақ келісімге келу «өте қиын» болатынын мәлімдеген.