Malim.kz
Әлем

Иран АҚШ-қа қатаң жауап беретінін мәлімдеді

Арман Қайыпхан
Фото: Icana/ZUMA/IMAGO

Иран билігі АҚШ тарапынан соққы жасалған жағдайда аймаққа «қайтымсыз зиян» келтіретінін ескертті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сәйкес, егер АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына шабуыл жасаса, Тегеран бүкіл өңірдегі мұнай және энергетикалық инфрақұрылымдарға соққы беруі мүмкін.

Бұған дейін Дональд Трамп Ормуз бұғазы ашылмаған жағдайда Иранның электр станцияларына соққы жасалуы мүмкін екенін айтқан еді.

Аймақтағы жағдай шиеленісіп отыр, ал сарапшылар мұндай қадамдар жаһандық энергетика нарығына елеулі әсер етуі мүмкін екенін атап өтуде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары