Иран қарулы күштері АҚШ-пен қарым-қатынастың шиеленісуі салдарынан толық қорғаныс және жауынгерлік дайындыққа келтірілді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы 31 қаңтар күні құрлық әскерлері командирі Амир Хатами мәлімдеді.
Оның сөзінше, «Егер қарсылас қателік жасаса, бұл оның өз қауіпсіздігіне, аймақтың қауіпсіздігіне және Израиль қауіпсіздігіне қауіп төндіреді».
Тегеран мен Вашингтон арасындағы кернеу АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа мәлімдемелерінен кейін күшейді. Трамп жұма күні Иран ядролық бағдарламасы бойынша жаңа келісімді қабылдамаса, аймақта жаңа әскери соққылар жасауға және әскери кемелерді жіберуге дайын екенін ескертті.