Malim.kz
Саясат

Иран дрондары: Қазақстан президенті Әзербайжанға қарсы әрекетті қатаң айыптады

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Мемлекет басшысы Иранның дрондары Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.

Еске салайық, Әзербайжанның Нахчыван әуежайына Иранның дрондары шабуыл жасады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары